Меморандумға қол қойылды

    Меморандумға қол қойылды

    Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті және «Таза Орал» ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Меморандум «Таза Қазақстан» концепциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, аумақтардың тазалығын сақтау және қалдықтарды тиімді пайдалану бағытындағы бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.

    Қалдықтарды тапсырудан түскен қаражат көшеттер отырғызуға және әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсалады.

    Тараптар экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бағытында өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары