Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алу мүмкіндіктері, адвокаттық және нотариаттық қызмет салаларындағы қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарға апостиль қою тәртібі түсіндірілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу тәртібі бойынша қажетті ақпарат алды.
Дәрісті Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Құқық түсіндіру бөлімінің басшысы Нұржанова Гүлдана Боранбайқызы өткізді.









