Ауылдық округтер тұрғындарымен кездесулер

    ✅ Ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйек күндері аудандық мәслихат депутаты Зәкір Құрманаев Хазірет, Родников және Қызылжар ауылдық округтері тұрғындарымен өткен аудан әкімінің кездесулеріне қатысты.

    💬 Кездесулер барысында тұрғындар ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымға, абаттандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және халықты толғандыратын басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

    👥 Мәселелерді талқылауға тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың сауалдарына түсініктемелер берді.

    📌 Көтерілген мәселелер мен тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

    🤝 Аудандық мәслихат депутаттарының осындай кездесулерге қатысуы халықпен тікелей байланыс орнатуға, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданының мәслихаты" жаңалықтары