Мәртөк ауданының мәслихаты
Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, олардың қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың нормаларды орындауына жәрдемдеседі Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері.
Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда, тұрақты комиссиялар мен өзге де органдар, мәслихат депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.Мәслихат қызметінің негізгі нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда оның қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Жаңалықтар
Құжаттар
Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы № 328 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 5-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы № 328 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: Мәртөк ауданының жеркомиссиясының дербес құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін. 2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев Мәртөк аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 қазандағы № 352 шешіміне қосымша Мәртөк аудандық жер комиссиясының құрамы Р/с № жұмыс орны, лауазымы аты-жөні,тегі 1 Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қонысбай Орынғали Сағитжанұлы 2 «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі Сасырауов Аманқос Жанатұлы 3 «Мәртөк аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-сі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі Нурбердиев Оракбай Дуйсенбаевич 4 «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы, комиссия мүшесі Тәжібеков Арайбек Дидарұлы 5 «Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының Мәртөк аудандық филиалының» директоры, комиссия мүшесі Мулькаев Бахытжан Илимжанович 6 Мәртөк аудандық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі Құрманаев Зәкір Ғаниұлы 7 Мәртөк аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, комиссия мүшесі Байтлеуов Асылжар Айтжанович 8 Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жәнемемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы-заңгері (келісім бойынша) Алманиязова Зарина Елемесовна 9 «Ақтөбе фермерлік орталығы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігінің мүшесі, комиссия мүшесі Таспагамбетов Серик Наурызгалиевич 10 Салалық мемлекеттік емес ұйымдардың мүшесі, шаруа қожалық басшысы, комиссия мүшесі Уразов Адиль Бакбердыевич 11 Салалық мемлекеттік емес ұйымдардың мүшесі, жеке кәсіпкер, комиссия мүшесі Уакбаев Айбар Сисенбаевич 12 «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің жетекші маманы, комиссия хатшысы Даулбаев Алғазы Қойшығұлұлы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, аудан деңгейінде құрылатын жер комиссияларының құрамына жер учаскесі аумағында орналасқан ауылдық округ әкімі және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері де кіреді р/с № жұмыс орны, лауазымы, ауылдық округ атауы аты-жөні,тегі 1 Аққұдық ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі Бақбергенов Әлібек Нұрлыбекұлы 2 Аққұдық ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Чипегина Наталья Анатольевна 3 Байнассай ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі Барлық Данияр Хасенұлы 4 Байнассай ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Искалиев Казый Габдуллович 5 Байторысай ауылдық округініңәкімі, комиссия мүшесі; Ажниязова Амина Акимгереевна 6 Байторысай ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Григорий Григорьевич Нечиперенко 7 Жайсаң ауылдық округі әкімі, комиссия мүшесі Каржауов Жандос Тулегенович 8 Жайсан ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Закенов Әділхан Әмірұлы 9 Қаратоғай ауылдық округініңәкімi, комиссия мүшесі Еримбетов Рустем Қалбайұлы 10 Қаратоғай ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Кульчаров Калилла Адиганович 11 Қарашай ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі Есбусинов Жалгас Болатович 12 Қарашай ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Оспанов Нурболат Жақсыкелдіұлы 13 Құрмансай ауылдық округі әкімі, комиссия мүшесі Газизов Елдос Курмангалиевич 14 Құрмансай ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Жарманов Ахметкали Базаргалиулы 15 Қызылжар ауылдық округініңәкімі, комиссия мүшесі Ахметов Арман Ибраевич 16 Қызылжар ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Едельбаев Кайрат Елюсизович 17 Мәртөк ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі Айтмагамбетов Аслан Мусабаевич 18 Мәртөк ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Айткалиев Рашид Жолдығалиұлы 19 Родников ауылдық округініңәкімі, комиссия мүшесі Абилов Равиль Сандыбаевич 20 Родников ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Есжанов Сауранбек Сағынышевич 21 Сарыжар ауылдық округі әкімі, комиссия мүшесі Тукибаев Ерлан Берикович 22 Сарыжар ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Ибраймов Байжан Батырович 23 Тәңірберген ауылдық округініңәкімі, комиссия мүшесі Әлім Оразбек 24 Тәңірберген ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Ильясова Рысбак Тунгышбаевна 25 Хазірет ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі Жарболов Рустам Болатович 26 Хазірет ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілі, комиссия мүшесі Баймурзин Темирлан Мухамбетказыевич
Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы»Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 5 276 769,3 мың теңге: салықтық түсімдер – 1 638 068,5 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 274 561,8 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 650 мың теңге; трансферттер түсімі – 3 360 489 мың теңге; 2) шығындар–5 888 888,7 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 153 807 мың теңге: бюджеттік кредиттер–261 662 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу–107 855 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер– 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті)–-765 926,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–765 926,4 мың теңге: қарыздар түсімі – 1 909 250мың теңге; қарыздарды өтеу – 1 328 592мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 185 268,4мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. мм Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т. Көлкебаев
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін: 1)Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 268 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: А.Т.Жумабаева– аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 2) Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы № 328 «Мәртөк ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов– аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы. Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев
Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәртөк аудандықмәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.. «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 11 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер – 90 579,2 мың теңге: салықтық түсімдер – 14 465 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 729 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 208 мың теңге; трансферттер түсімі – 75 177,2 мың теңге;»; 11 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) шығындар – 90 584,9 мың теңге;»; 12-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «12-1. 2026 жылға арналған Қаратоғай ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін трансферттер – 34 500,2мың теңге сомасында ескерілсін.»; көрсетілген шешімнің 13, 34 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2.Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев
Мәртөк ауданының әкімін тағайындауына келісім беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 32-бабына және Ақтөбе облыс әкімінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-02/6539 ұсынысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ақтөбе облысы әкімінің Нұржан Сұлтанғалиұлы МақсатовтыМәртөк ауданының әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін. Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін: 1) Мәртөк ауданының әкімін тағайындауына келісім беру туралы. 2) Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 «2026-2028 жылдарға арналған Мәртөк ауданының ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Т.Көлкебаев





