Қала күніне арналған спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды

    Қала күніне арналған спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды

    Семейде Қала күніне орай арқан тартыс, гір көтеру және қол күрестен жарыстар өтті. Қатысушылар күш-қайраты мен төзімділігін, ептілігі мен командалық бірлігін сынға салды. Тартысты бәсекелердің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.

    Арқан тартыс:

    1-орын – Жарма ауданының командасы;

    2-орын – «Барыс» тобы;

    3-орын – «Шолпан» тобы.

    Гір көтеру 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

    1-орын – Жанабеков Тілеужан;

    2-орын – Амантай Сұлтан;

    3-орын – Сапарғалиев Рүстем. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі:

    1-орын – Омаров Даурен;

    2-орын – Имамбаев Айдар;

    3-орын – Фильчаков Игорь.

    Қол күрес 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

    1-орын – Ықыласұлы Елдос;

    2-орын – Иманжолов Артур;

    3-орын – Серікұлы Райымбек. 70 келіден жоғары салмақ дәрежесі:

    1-орын – Қыздарбеков Ерсұлтан;

    2-орын – Сқақбеков Шыңғыс;

    3-орын – Аманбекұлы Бауыржан.

    Салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттырған жарыстар қала мерекесінің көркін қыздырды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары