«Жас сақшы» кадеттері полиция департаментінің жұмысымен танысты

    «Жас сақшы» кадеттері полиция департаментінің жұмысымен танысты

    Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектепте ашылған «Жас сақшы» сыныбының кадеттері Жетісу облысы Полиция департаментіне танымдық экскурсиямен келді.

    Экскурсия барысында жас кадеттер Полиция департаментінде орналасқан генерал-майор Әбдіқадір Болсамбеков атындағы музейді аралады. Оқушыларға ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы, полиция қызметінің әр кезеңінен сыр шертетін мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер, қызметтік жәдігерлер мен экспонаттар таныстырылды.

    Кадеттер полиция ардагерлерінің қызмет жолы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі туралы мәлімет алып, полиция қызметінің тарихымен жақынырақ танысты.

    Танымдық экскурсия одан әрі Жедел басқару орталығында жалғасты. Мұнда оқушыларға орталықтың негізгі міндеттері мен күнделікті жұмысы көрсетілді. Кадеттер бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігінің қалай бақыланатынын, келіп түскен ақпараттарға полиция қызметкерлерінің жедел әрекет ету тәртібін көрді.

    Кездесу барысында полицейлер жас сақшыларға заң талаптарын сақтау, тәртіпті болу және қоғам алдындағы жауапкершілік туралы айтып, полиция мамандығының ерекшеліктерімен бөлісті.

    Мұндай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, патриоттық тәрбие беруге және «Заң мен тәртіп» қағидатын жас буын арасында дәріптеуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары