
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жаңадан салынған үш қабатты тұрғын үйлер аумағына барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда тұрғын үйлер аумағында сыртқы абаттандыру жұмыстарымен қатар, балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі балалар ойын алаңшасының қауіпсіздік талаптарына сай болуына ерекше назар аударып, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі








