
Малайзияның Марокко Корольдігіндегі Елшісі Эди Ирван бин Махмуд Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі, Азия-Тынық мұхиты тобы елшілерінің дуайені Сәулекуль Сайлауқызына ілтипат білдіру визитімен барды.
Кездесу барысында тараптар нәтижелі ынтымақтастық орнатуға және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға үміт білдірді. С. Сайлауқызы жаңа малайзиялық әріптесіне табысты дипломатиялық миссия мен осы жауапты лауазымда елеулі кәсіби жетістіктерге жетуді тіледі.
Эди Ирван бин Махмуд — 2001 жылдан бастап Малайзия Сыртқы істер министрлігінде қызмет етіп келе жатқан мансапты дипломат. Ол Малайзияның Йемен, Вьетнам, Фиджи және Австралиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі лауазымдарды атқарған, сондай-ақ Малайзияның Лаостағы Елшісі болған.









