Абай облысы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

    Абай облысы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

    Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырқыншы сессиясында бюджетке және облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Рафаиль Хазипов төрағалық етті.

    Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен мәслихат депутаттары қатысты. Қала және аудан мәслихаттарының төрағалары мен облыс прокуратурасының өкілдері онлайн қосылды.

    2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы баяндады. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

    Сондай-ақ депутаттар облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу мәселесін қарап, облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышевты әкімдік құрамына енгізуге келісім берді.

    Сессияда депутат Рыиза Молдашева екі депутаттық сауал жолдады. Біріншісі Семей қаласының әкіміне жолданып, қонақ үй ғимаратындағы «Семипалатинск» атауына қатысты болды. Екіншісі Бесқарағай ауданындағы электр желілеріне қатысты Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

    Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Депутаттық сауалдар белгіленген тәртіпте құзырлы мекемелерге жолданады.

    Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы мәслихатының аппараты" жаңалықтары