«Ашық есік күні» өткізілді

    Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Бауыржан Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде тұрғындар мен оқушыларға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникалар мен өрт сөндіру құралдарының жұмысын тамашалады. Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде дұрыс әрекет ету және 112 нөміріне хабарласу тәртібі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен арнайы жабдықтары таныстырылды. Балалар мен тұрғындар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өрт сөндіруші мамандығы туралы кеңірек мағлұмат алды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары