
Мойынқұм ауданы әкімдігінің бөлімдері, аудандық полиция қызметкерлері және ауыл әкімшілігінің мамандарынан құрылған жұмысшы топ Мойынқұм ауылы аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңызы түсіндіріліп, елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау, аула мен іргелес аумақтарды қоқыстан тазарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөніндегі талаптар жеткізілді.
Сонымен қатар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өзіне тиесілі және нысанға іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз етпеген жекелеген мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге ескерту жасалып, анықталған кемшіліктерді жою қажеттігі айтылды.
Тазалық – тек коммуналдық қызметтің немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Туған жердің көркеюі мен ауылдың таза болуы әр тұрғынның ортақ жауапкершілігінен басталады.
Сондай-ақ жұмысшы топ тұрғындарға 19 қыркүйек, сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні халықаралық экологиялық акциясы өткізілетінін хабарлады.
Бұл күні әлемнің көптеген елдеріндегі миллиондаған адам қоршаған ортаны тазартуға өз үлесін қосады. Мойынқұмдықтарды да осы игі бастамадан шет қалмай, ауласы мен көшесін, мекеме мен кәсіпкерлік нысандарының айналасын тазартуға белсенді қатысуға шақырамыз.
Бір күндік тазалық – бір күндік шара болып қалмауы керек. Тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру – өз қолымызда.
🤝 Бірауыздан әлемдік экологиялық акцияға атсалысайық!
Таза ауыл – тұрғындардың ортақ мәдениеті мен туған жерге деген құрметінің көрінісі.
#ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay #ДүниежүзілікТазалықКүні #Мойынқұм #ТазаАуыл #Экология #Тазалық









