2026 жылғы 16 қыркүйекте Құраметов Бақытжан қатысушыларға еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі жолдары мен заңнамалық тетіктерін түсіндірді

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Құраметов Бақытжан қатысушыларға еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі жолдары мен заңнамалық тетіктерін түсіндірді

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Құраметов Бақытжан қатысушыларға еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі жолдары мен заңнамалық тетіктерін түсіндіріп, еңбек саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берді.

    Кездесу барысында еңбек шартын жасасудың тәртібі, жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу мәселелері, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу тәртібі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары түсіндірілді.

    Сонымен қатар, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың қолданыстағы тетіктері, оның ішінде жұмыс берушіге жүгіну, келісу комиссиясына өтініш беру, мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіну және заңнамада көзделген өзге де құқықтық қорғау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын күшейту және еңбек қатынастары барысында туындайтын мәселелердің алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары