2026 жылғы 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен №319-НҚ бұйрық негізінде «Саламатты мектеп» бастамасын іске асыру алгоритмін талдау мақсатында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен жауапты мамандарына арналған онлайн семинар өткізілді.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Семинарды Департамент басшысының орынбасары Б.Сатканбаева ашып берді. Семинар барысында «Саламатты мектеп» бастамасын іске асыру кезеңдері, WASH және «Никотин мен темекіден азат мектеп» индикаторлары бойынша мониторинг жүргізу бойынша тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы М.Рахметова және бас маман Н.Нұрланқызы баяндама жасады.

    Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары