Ақтауда трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда

    Ақтауда трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда

    Ақтау қаласының көркін жақсарту және қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық келбетін арттыру бағытында трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
    Қазіргі таңда «Жартасты соқпақ» аумағында орналасқан трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың қабырғалары ретке келтіріліп, олардың аумақтың жалпы сәулеттік келбетіне үйлесімді болуы мен эстетикалық талаптарға сай көрініс қалыптастыруға басымдық берілуде.
    – Бұған дейін «Самал» шағын ауданында орналасқан қуаттық трансформаторлық қосалқы станцияның қасбеті жаңартылған болатын. Қазіргі таңда Ақтау қаласының өзіндік стилі мен ерекшеліктеріне сәйкес 4А шағын ауданындағы трансформаторлық қосалқы станцияның сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.
    Еске салайық, биыл жыл соңына дейін 10 трансформаторлық қосалқы станцияның сыртқы келбетін жаңарту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары