Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түзеу мекемесінде болды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Департамент ұжымы мен Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзара келісімі негізінде ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№3 мекемесіне» арнайы бару шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануға шақыру.
Мұндай профилактикалық шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.








