Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында жеке балабақша басшыларымен кездесу өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 15 қазанда Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылтайшылар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдарының басшылары үшін кездесу өткізілді, оған Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімінің басшысы Культуманова Айнур Тулегеновна, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің бақылау басқармасының сарапшысы Абеуова Куралай Кенжебулатовна қатысты.

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды міндетті лицензиялауға көшу мәселесі бойынша кездесу шеңберінде белгіленген біліктілік талаптарын сақтауға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және балалардың жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінетіні түсіндірілді.

    Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен құрылтайшыларына қолданыстағы талаптарға сәйкестікке алдын ала ішкі талдау жүргізу, ықтимал сәйкессіздіктерді анықтау және лицензиялауға уақтылы дайындалу үшін қажетті шараларды қабылдау ұсынымдары берілді.

    Лицензиялау рәсімінен өту үшін қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға назар аударылды. Алдағы өзгерістерге сәйкес Астана қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен құрылтайшыларына лицензиялау рәсіміне алдын ала дайындалу және өз ұйымдарының белгіленген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу қажеттілігі туралы ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары