
2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесінің басшылығымен, денсаулық сақтау саласының өкілі, №11 қалалық аурухананың бас дәрігерімен бірлесіп, сотталған азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер беріліп, қойылған сауалдарға заң шеңберінде жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңда көзделген тәсілдері түсіндірілді.
Қабылдау барысында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың заңды мүдделерін қорғау және көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу бағыттарына ерекше назар аударылды.









