«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысының Кәсіподақ орталығында Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы: қауіпсіз еңбек, лайықты жағдайлар және әлеуметтік әріптестік» атты дөңгелек үстел өтті, оған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-ның, «Ақмола облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ-ның басшылықтары қатысты.
Кеңес барысында Ақмола облысының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік және жұмыскерлердің әлеуметтік кепілдіктері, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби тәуекелдер кезінде жұмыскерлерді сақтандыру арқылы қорғау мәселелері қаралды









