Қарағандыда «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    Қарағандыда «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Ауқымды іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты құрамалар мен әскери бөлімдердің 600-ден астам әскери қызметшісі қатысып, 50-ден астам қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

    Қарағандыда «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    Оқу-жаттығудың басты мақсаты — әскерлердің әзірлік деңгейін бағалау, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және бөлімшелердің өзара іс-қимылын жетілдіру.

    Қарағандыда «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    — «Айбалта-2026» — республика аумағында өтіп жатқан стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың негізгі кезеңдерінің бірі. Оның барысында әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін, басқару органдарының үйлесімді жұмысын, сондай-ақ әскерлердің шынайы жағдайға барынша жақын ортада тиімді қимылдау қабілетін тексереміз, - деді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Бас жедел басқармасының бастығы, полковник Қанат Жанкеев.

    Қарағандыда «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    Оқу-жаттығу қорытындысында басқару органдары мен әскерлердің әзірлігіне баға беріліп, жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалады.

    ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпарат

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары