«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 11.09.2026 жылғы хаттамасының 7-тармағын орындау мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшылығы «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ директорының м.а. А.А.Омаровамен кездесу өткізді.
Аталған кеңесте Жұмыс берушілерді қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамту жөніндегі жоспарларының орындалуын, мониторингін қамтамасыз ету, прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.









