
Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары КММ «Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар орын алған кезде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында ҚР Еңбек кодексінің 187-бабында көзделген жазатайым оқиға туралы мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесіне уақтылы хабарлау талаптарына, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің 188–189-баптарына сәйкес жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібіне ерекше назар аударылды.
Жұмыс берушіге жазатайым оқиға орын алған кездегі іс-қимыл тәртібі және уақтылы хабарламау үшін жауапкершілік түсіндірілді. ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабына сәйкес жазатайым оқиға фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Кездесу жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталды.








