АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    Бүгін Түркістан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
    Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларды практикада қолдану мәселелері қаралды.
    Қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар сот актілерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету және атқарушылық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары