15 қыркүйек 2026 жылы аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:
« Кеген ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Кеген аудандық мәслихатының шешімінің жобасымен ауданның «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Оспанов хабарлама жасады.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кеген аудандық мәслихатының шешімінің жобасына тиісті сараптамалық қорытынды берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша аудандық қоғамдық кеңес құрамына мүше қабылдау.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына ең көп дауыс алғандықтан, Мамыров Ерғали Білдебайұлы аудандық қоғамдық кеңес мүшесі болып сайланды.
Қашағанов Айдын Абайұлы аудандық қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат ретінде резервке қойылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша:
«Кеген орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің ауданда орман шаруашылығын дамытуда және орман өртінің алдын алуда атқарып жұмыстары жайлы мекеме директорының орынбасары Д.Досайбеков есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары Д.Досайбековтың есебі еске алынды.
- Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, орман шаруашылығын дамыту, мамандардың жауапкершілігін арттыру, мекеме басшысы А.Солтанғазиевке ұсынылды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша:
«Көлсай көлдері МҰТП» РММ-нің ұлттық табиғи парктегі тарихи, ғылыми маңызы бар кешендерді сақтауда және олардың дамуын қамтамасыз етуде атқарып жұмыстары жайлы мекеме директорының орынбасары А.Шантаев есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Көлсай көлдері МҰТП» РММ-нің ұлттық табиғи парктің директорының орынбасары А.Шантаевтың есебі еске алынды.
- Отырыс барысында айтылғанұсыныс пікірлерді ескеру мекеме директоры Б.Жүнісовке ұсынылды.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша:
Кеген аудандық өлкетану музейінің музей жәдігерлерін сақтау мен толықтыруда атқарып жатқан жұмыстары жайлы музей меңгерушісі Ә.Чүкенов есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Музей меңгерушісі Ә. Чүкеновтың есебі еске алынды.
- Музей жәдігерлерін талапқа сай сақтау, және толықтырып отыру музей меңгерушісі Ә.Чүкеновке ұсынылды.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша:
Аудандық «Экономика және қаржы» бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстары жайлы бөлім басшысы Ж.Дүкембаев есеп берді..
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық «Экономика және қаржы» бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ж. Дүкембаевтың есебі еске алынды.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға өте қажет мамандықтарды анықтап, қолдауды сол мамандарға көрсету, бағдарламаны іске асыруда ашықтықты қамтамасыз ету, қолдау білдірілгендер жайлы баспасөз бетінде, әлеуметтік желілерде жариялап отыру бөлім басшысы Ж.Дүкембаевқа ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







