12 Қараша 2026 жылы Кеген аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

    12 қараша 2026 жылы аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

    Күн тәртібіндегі біріншімәселебойынша:

    «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тұрғындарғамемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда атқарған жұмыстарыжайлы ауылдық округ әкімі

    Р. Уәлиұлы есеп берді.

    Ауданныңқоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Р.Уәлиұлының есебіеске алынды.

    2.Алдағы уақытта көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, оның ішінде «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу жайлы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру, «Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету, мониторингтік және ақпараттық технологиялар бөлімінің 2026 жылға арналған медиа-жоспарына сәйкес бекітілген шараларды өз мерзімінде әрі сапалы орындауды басты назарда ұстау, баспасөз бетіне мақалалар жариялап отыруауылдық округ әкімі Р.Уәлиұлына ұсынылды.

    Күн тәртібіндегі екіншімәселебойынша:

    «Кеген аудандық полиция бөлімінің ауданкөлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстыңалдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Е.Үркінбаевесеп берді.

    Ауданныңқоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

    Е. Үркімбаевтыңесебі еске алынды.

    2. Аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, қылмыстың алдын-алу шараларын ұйымдастырубөлім бастығы, полиция полковнигі Е. Үркімбаевқа ұсынылды.

    Күн тәртібіндегі үшіншімәселебойынша:

    Райымбек, Кеген аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімініңжастардыәскер қатарына шақыруда, әскери борышын өтеуге аттандыруда атқарып жатқан жұмыстары жайлыбөлім бастығы, майор Ә.Жұмақанов есеп берді.

    Ауданныңқоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Райымбек, Кеген аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімініңжастардыәскер қатарына шақыруда, әскери борышын өтеуге аттандырудаатқарыпжатқанжұмыстарыжайлыбөлім бастығы,майор Ә. Жұмақановтың есебі еске алынды.

    2. Айтылған ұсыныс пікірлерді ескеру, жоғары сынып оқушылары арасында әскери-патриоттықіс-шаралар өткізуді ұйымдастыру, мектептерді алғашқы әскери даярлық пәніне қажетматериалдық базамен қамтамасыз етуге ықпал етужайлы аудан әкіміне,аудандық білім бөліміне арнайы хат жолдау бөлімбастығы Ә.Жұмақановқа ұсынылды.

    Күн тәртібіндегі төртіншімәселебойынша:

    Заманбек Нұрқаділов атындағы Кеген ауылындағы балалар өнер мектебінің атқарып жатқан жұмыстары туралы мектеп директоры Ж.Асубаева есеп берді.

    Ауданныңқоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.ЗаманбекНұрқаділов атындағы Кеген ауылындағы балалар өнер мектебініңатқарып жатқан жұмыстары туралымектеп директорының есебі еске алынды.

    2. Отырыс барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, жұмыс ұйымдастыру мектеп диреторы Ж.Асубаеваға ұсынылды.

    3. ЗаманбекНұрқаділов атындағы Кеген ауылындағы балалар өнер мектебінің жас мамандарын тұрғын үймен жәнемектепті қажетті материалдық базамен( ледэкран, т.б) қамтамасыз етуге,балалардысахна мәдениетіне тәрбиелеу үшін мектеп ғимаратына қосымша заманауи концерттік зал салуға ықпал аудан әкімі Т.Айдарбековке ұсынылды.

    Қоғамдық кеңес тарапынан аудан әкіміне хат жолданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кеген ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары