Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының

    сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

    ХАБАРЛАМАСЫ

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатыКеген ауданының 1 округтік және 12учаскеліксайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

    Учаскелікжәне округтіксайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

    Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026жылғы9 қазанғадейінмәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

    1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

    2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026жылғы9 қазанғадейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.

    Кеген аудандық мәслихатының төрағасы–А. Нұғман.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 19А, Кеген аудандық мәслихатының ғимараты

    Жауапты тұлға – Сагинбеков Нұрман Сәрсебекұлы, 3 қабат, № 55 каб., ұялы телефондарының нөмірі: 87086701907, 87714438106, электрондық пошта мекенжайы:kegen-maslihat@mail.ru

    Аудандық мәслихат 1 округтік және 12учаскелік сайлау комиссияларының 19 мүшелерін сайлайды.

    № р/с

    Сайлау учаскесінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан жері

    Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

    1

    2

    3

    4

    Округтіксайлаукомиссиялары-1

    1.

    №3

    Кеген ауылы, М. Лебаев көшесі, 40, С. Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимараты

    1

    Учаскеліксайлаукомиссиялары-4

    1.

    №558

    Кеген ауылы, Б. Атыханұлы көшесі, №13, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебінің ғимараты

    2

    2.

    №559

    Кеген ауылы, М. Лебаев көшесі, № 40, С. Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимараты

    4

    3.

    № 560

    Туменбай ауылы, Ақшоқы көшесі, № 21, Түменбай бастауыш мектебінің ғимараты

    2

    4.

    № 562

    Бөлексаз ауылы, Күлшашарұлы көшесі, №11, Бөлексаз орта мектебінің ғимараты

    1

    5.

    №568

    Шырғанақ ауылы, О. Дауренов көшесі, №8,І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ғимараты

    1

    6.

    №571

    Кеңсу ауылы, А.Ожаров көшесі, № 20, Кеңсу бастауыш мектебінің ғимараты

    1

    7.

    № 575

    Жалаулы ауылы, М.Лебаев көшесі, №33, Жалаулы атындағы орта мектеп

    3

    8.

    № 577

    Шыбышы ауылы, О.Батырбеков көшесі, №14А, Бестөбе орта мектебінің ғимараты

    1

    9.

    №580

    Жалағаш ауылы, М.Серікбаев көшесі, №89, Ж.Ермегияев атындағы орта мектебінің ғимараты

    1

    10.

    №584

    Саты ауылы, Қ.Ұлтарақов көшесі, №55, А.Түркебаев атындағы орта мектебінің ғимараты

    1

    11.

    № 590

    А.Нүсіпбеков ауылы, Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Рабат» шекара бөлімшесі

    1

    12.

    № 591

    Саты ауылы, Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Саты» шекара бөлімшесі

    1

    «Кегенаудандықмәслихатының аппараты» ММ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары