Су тасқынының алдын алу жұмыстары – басты назарда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Су тасқынының алдын алу жұмыстары – басты назарда

    Су тасқынының алдын алу жұмыстары – басты назарда

    Ақсу ауданы, Барлыбек Сырттанов ауылдық округінде су тасқыны қаупінің алдын алу және елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жергілікті қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.

    Отырыста Барлыбек Сырттанов ауылдық жергілікті қоғамдық кеңесінің төрағасы Кусамбаев Есембай Дүйсембайұлы су тасқыны қаупі бар аумақтарда жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

    Атап айтқанда, Барлыбек Сырттанов ауылындағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің бірі саналатын План ағаш каналы толықтай тазартылып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілгені атап өтілді. Қазіргі уақытта аталған канал бойынша су тасқыны қаупі жоқ.

    Сонымен қатар, Қопа ауылындағы каналдардың өткізу қабілетіне қатысты мәселе көтерілді. Көктемгі қар еру кезеңінде су көлемінің артуына байланысты қолданыстағы су арналарының өткізу қабілеті жеткіліксіз болып, елді мекенді су басу қаупі туындайтыны айтылды.

    2026 жылдың көктемгі кезеңінде қауіптің алдын алу мақсатында Шоқан-Көкөзек каналындағы суды Әскен каналына бұру арқылы жағдай тұрақтандырылған. Осы тәжірибені ескере отырып, алдағы уақытта су тасқыны қаупін төмендету мақсатында Шоқан-Көкөзек каналындағы суды күз мезгілінде Әскен каналына алдын ала бұру ұсынылды.

    Сондай-ақ көктемгі кезеңде су көлемін Шоқан, Әскен және Көкөзек каналдары арасында теңдей бөлу қажеттігі айтылды. Бұл жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындау үшін арнайы техниканы тарту және қажетті қаражат қарастыру мәселесі де көтерілді.

    Қоғамдық кеңес мүшесі Үркімбаев Мұрат ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқы және көктемгі кезеңдерде су тасқынының алдын алу шараларын алдын ала жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, суды күз мезгілінде қажетті бағыттарға бұру арқылы көктемде су деңгейін реттеуге мүмкіндік бар.

    Отырыстың қорытындысы бойынша Шоқан-Көкөзек каналындағы суды күз мезгілінде Әскен каналына бұру және көктемгі кезеңде суды Шоқан, Әскен және Көкөзек каналдарына теңдей бөлу жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.

    Сонымен қатар, су тасқыны қаупінің алдын алу үшін қажетті арнайы техниканы тарту және тиісті қаражат қарастыру мәселесін ауданның жауапты мекемелеріне ұсыну туралы шешім қабылданды.

    Барлыбек Сырттанов ауылдық округіндегі су тасқыны қаупі бар каналдардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, профилактикалық жұмыстарды уақтылы жүргізу қажеттігі атап өтілді.

    Аталған ұсыныстар мен шешімдер тиісті аудандық мекемелерге жолданатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары