
Жарқайың аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті 73-сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына Жарқайың ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков, облыстық мәслихаттың депутаты В.Камышанский және аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты..
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, Жарқайың ауданының әкімі Е.К. Жүсіпбековтің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстар, бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, аудан бойынша жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету), тұрғын үй комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, аудан әкімінің жеке құрамын келісу, сондай-ақ шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының ережесін бекіту және әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, жауапты мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.









