Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «SHENGTAI BIOTECH CO., Ltd» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, еңбек қатынастарының заңдылығы, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы зерделенуде.
Жоспардан тыс тексеру қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті құқықтық шаралар қабылданатын болады.









