2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:00-де «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Батырлар алаңында» азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, оларды толғандырған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тиісті кеңес беру.

    Акция барысында тұрғындарға еңбек қатынастары, жұмыспен қамту, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетілді.

    Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

    «Қоғаммен байланыс» жобасы аясындағы мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, халықтың мәселелерін тікелей тыңдауға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары