Ақтөбеде ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары өтеді

    Ақтөбеде ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары өтеді

    Ақтөбе қаласы еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылардың басын қосатын Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарын қабылдайды.

    2026 жылдың 16-23 қыркүйегі аралығында өтетін республикалық жарысқа еліміздің 17 облысынан 2500 спортшы қатысады.

    Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары – ауыл жасөспірімдері арасында өткізілетін республикалық деңгейдегі кешенді спорттық жарыс. Оның негізгі мақсаты– жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлердегі дарынды спортшыларды анықтау, олардың шеберлігін арттыру және еліміздің спорт резервін қалыптастыру.

    Қатысушылар 10 спорт түрінен сынға түседі: асық ату, 3×3 баскетбол, волейбол, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және футзал.

    Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары жас спортшыларға республикалық деңгейде өз мүмкіндіктерін көрсетуге, жарыс тәжірибесін жинақтауға және спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
    Өтетін күні: 16-23 қыркүйек 2026 жыл
    Ашылу салтанаты: 16 қыркүйек 2026 жыл
    Өтетін орны: «Мұз айдыны» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (О. Тәтеұлы көшесі, 1)
    Басталу уақыты: 15:00

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары