
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Цифрлық технологиялар басқармасында республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында басқарма қызметкерлеріне кітап оқудың қазіргі цифрлық қоғамдағы маңызы, оның адамның зияткерлік әлеуетін арттырудағы, кәсіби біліктілігін жетілдірудегі және жаңа білімді игерудегі рөлі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында электронды кітаптар, онлайн кітапханалар және басқа да цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кітап оқуға қолжетімділікті арттыру мүмкіндіктері атап өтілді.
Республикалық марафонның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында басқарма қызметкерлері цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, кітап оқуды насихаттауға және марафонға белсенді қатысуға шақырылды.
Кітап оқу – білім мен дамудың қайнар көзі. Цифрлық дәуірде білімді ұрпақ қалыптастыру – кітап пен технологияны тиімді ұштастырудан басталады.









