№62064 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    №62064 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    №62064 әскери бөлімінде нашақорлықтың алдын алуға және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.

    Дәріс барысында әскери қызметшілерге есірткі құралдарының адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ оларды заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу және қолданудың құқықтық салдары түсіндірілді. Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

    Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Әсел Заирова да қатысты. Ол әскери қызметшілерге білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы айтып, үздіксіз білім алудың, өзін-өзі дамытудың және тұлғалық өсудің маңыздылығын атап өтті.

    Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, өз денсаулығына, болашағына және қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

    Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу дені сау әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары