Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді

    Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді

    2026 жылдың 14 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістерге арналған жұмыс кеңесі өткізілді.
    Кеңеске қатысушыларға атқарушылық іс жүргізуді жүргізу тәртібіне, оңайлатылған іс жүргізуге, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарына, атқарушылық әрекеттерді техникалық құралдарды пайдалана отырып тіркеуге.
    Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібіне, шағымдарды қараудың сотқа дейінгі тәртібіне, өндіріп алынған ақшалай қаражатты бөлуге және атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Жеке мәселе ретінде атқарушылық жазбаларға қатысты заңнамадағы өзгерістер қаралды. Атқарушылық жазбаларды орындау тәртібі, тиісті атқарушылық құжаттарды орындауға қабылдау ерекшеліктері, сондай-ақ атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері түсіндірілді.
    Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өзгерістер қаралды. Атап айтқанда, лицензиялау, жеке сот орындаушыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі, кәсіби жауапкершілік талаптары қаралды.
    Кеңес қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына енгізілген өзгерістерді зерделеуді, атқарушылық іс жүргізу бойынша қызметті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруді және белгіленген процестік мерзімдерді қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.
    Алимент өндіру, мемлекет кірісіне өндіріп алу , тыйым салынған мүлікті өткізу жөніндегі атқарушылық іс жүргізулерге, сондай-ақ барлық атқарушылық әрекеттерді мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық атқарушылық іс жүргізу жүйесінде уақтылы әрі толық көрсетілуіне ерекше назар аудару тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары