Жұмыс кеңесі өткізілді

    Жұмыс кеңесі өткізілді

    2026 жылдың 14 қыркүйегінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдану мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
    Кеңес барысында 2026 жылы қабылданған, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге және сот орындаушыларының мәртебесін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы заңдарының негізгі нормалары қаралды.
    Атқарушылық іс жүргізуді жүргізу, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану, алимент өндіру туралы талаптарды орындау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі, атқарушылық әрекеттерді техникалық құралдар арқылы тіркеу, сондай-ақ сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
    Бұдан бөлек, атқарушылық жазбаларды жасауға және орындауға, сондай-ақ оларды атқарушылық іс жүргізу шеңберінде орындауға байланысты өзгерістерге жеке тоқталды.

    Кеңес барысында бөлім мамандарына бақылау іс-шараларын жүргізу, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдарды қарау, жауаптар дайындау және процестік шешімдер қабылдау кезінде тиісті заңнамалық өзгерістердің күшіне ену мерзімдерін ескеру қажеттігі түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары