
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралытүсіндіру жұмыстары
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны ресми түрде басталды.
Осыған орай, 2026 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г. Аманова Департамент қызметшілеріне «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының мақсаты, шарттары мен ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар марафонның негізгі бағыттарымен таныстырып, қатысу тәртібі мен кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.








