🌱МӘРТӨК АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

    Мәртөк ауданында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    🌿 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде 12 қыркүйек пен 14 қараша аралығында екі айлық санитарлық тазалық науқаны басталды.

    Науқан барысында елді мекендердің аумақтарын тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

    Осы мақсатта аудан бойынша кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған мекеме қызметкерлері, ұйымдар мен тұрғындар белсенді қатысты. Сенбілік барысында көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, айналаны көркейту жұмыстары атқарылды.

    🤝 «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ жауапкершілік!
    Тазалықты сақтау тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де әрқайсымыздың міндетіміз. Барша аудан тұрғындарын санитарлық тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары