⚖️ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

    📍 Мәртөк ауданында «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

    🔹 Отырыс барысында ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

    🔹 Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы 10 айындағы ауданның криминогендік ахуалына талдау жасалып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қарастырылды. FSM Social қосымшасы арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау және оларға жедел көмек көрсету мәселелері де пысықталды.

    📌 Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары