
2026 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Белгілі болғандай, борышкер қарызын өз еркімен өтемеген жағдайда, іске сот орындаушылары кіріседі. Жаңа заң дәл осы салаға бағытталған. Аталған заң атқарушылық іс жүргізу саласына бірқатар маңызды өзгерістер енгізеді. Жаңа заңнамалық нормалар туралы Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Н. Қылышпаева түсіндіреді.









