«Nomad Álemi» фестиваліне 5 мыңға жуық адам жиналды: қауіпсіздікті полиция мен заманауи технологиялар қамтамасыз етуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Nomad Álemi» фестиваліне 5 мыңға жуық адам жиналды: қауіпсіздікті полиция мен заманауи технологиялар қамтамасыз етуде

    «Nomad Álemi» фестиваліне 5 мыңға жуық адам жиналды: қауіпсіздікті полиция мен заманауи технологиялар қамтамасыз етуде

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ауқымды «Nomad Álemi» фестивалі өтіп жатыр. Күндізгі уақытта фестиваль алаңына өңірдің 5 мыңға жуық тұрғыны мен қонағы жиналды.

    Іс-шара аумағында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жағдайды бақылауда ұстап, келушілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары да тартылды. Олар полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық жұмыстарға қатысып, фестиваль аумағында азаматтарға бағыт-бағдар беруге көмектесуде.

    Қауіпсіздікті бақылау жұмыстары әуеден де жүргізілуде. Стробоскоптар мен дауыс зорайтқыштармен жабдықталған сөйлейтін дрондар фестиваль аумағын бақылап отыр.

    Қажет болған жағдайда дрондар дауыс зорайтқыш арқылы азаматтарға ескерту жасап, қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды еске салады.

    Мұндай тәсіл фестиваль аумағындағы жағдайды бір мезгілде бақылауға, туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге және профилактикалық жұмыстарға баса мән беруге мүмкіндік береді.

    ШҚО ПД баспсөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары