Жамбыл ауданының Аса ауылында орналасқан кәсіпорын аумағында жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері газ өңдеу зауыты аумағында орын алған шартты өртке ден қою, жедел қызметтер мен нысан қызметкерлерінің өзара іс-қимылы, эвакуациялау және алғашқы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тәртібін пысықтады. Жаттығу кезінде іс-қимылдардың жеделдігіне, жеке құрамның үйлесімді жұмысына және өрт пен өзге де төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығына ерекше назар аударылды.Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдай туындаған кезде нысан қызметкерлері мен құтқарушылардың кәсіби дайындығын арттырып, бірлескен іс-қимылдардың тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД