Күкірт қышқылының төгілуіне байланысты авариялық жағдай кезіндегі іс-қимылдар тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

    Күкірт қышқылының төгілуіне байланысты авариялық жағдай кезіндегі іс-қимылдар тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

    2026 жылғы 08 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі–Басқарма) мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Зардап шеккен қызметкерлерге көмек көрсете отырып, «күкірт қышқылы» қауіпті жүктің ағуына байланысты авариялық жағдайдың салдарын жою» тақырыбы бойынша, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына белсенді қатысты.
    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша санитариялық қызмет мамандарының толық дайындығы, жағдайды меңгеруі және көлік объектілерінде қауіпті жүктердің ағу жағдайларының туындауына уақтылы ден қою көрсетілді. Өткізілген оқу-жаттығу барысында санитариялық талаптарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары