Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Қарағанды облысында биыл жаздың ыстық болуына байланысты егін жинау науқаны әдеттегіден ерте басталды. Қазір жұмыстар жалғасып жатыр, егіннің шамамен 30%-ын жинау қалды. Саланы әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы төрт есе ұлғайтылып, 114 мың гектарға жеткізілді. Сонымен қатар облыста картоп және көкөніс егілген алқаптардың көлемі 13 мың гектардан асады.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Жұмыс сапары барысында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Нұра ауданындағы бірқатар шаруашылықты аралап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Егін жинау науқанына 1966 астық жинайтын комбайн, 609 дестелегіш, 78 картоп жинайтын комбайн және 64 картоп қазғыш жұмылдырылған. Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отыны бөлінді.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    «Кең дала» және «Кең дала – 2» бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, тұқым, минералды тыңайтқыштар және басқа да қажетті ресурстарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бағытында мемлекеттік қолдау көрсетілді.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Облыста жиналған өнімді сақтауға қажетті база қалыптасқан. Өңірде 8 астық қабылдау кәсіпорны, 704 астық қоймасы және 143 картоп-көкөніс қоймасы бар.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Алдағы қысқа мал азығын дайындау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта пішендеме мен көпжылдық шөптердің қоры жасақталуда.

    Министр «Асхат» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығымен айналысады және жыл сайын суармалы жерлердің көлемін арттырып келеді. Сонымен қатар шаруашылық мал шаруашылығына көшуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 1 500 басқа арналған сүт-тауар фермасының жобасы әзірленді. Бұдан бөлек, келесі жылы шаруашылық майлы дақылдар өсіруді бастауды көздеп отыр. Күнбағыс егуге 2 мың гектар жер бөлінеді.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Айдарбек Сапаров ірі астық өндіретін элиталық тұқым шаруашылығы – «Шахтерское» кәсіпорнына да барды. Мұнда өсімдік шаруашылығы белсенді дамып келеді. Биыл шаруашылықта бидай, арпа, асбұршақ, майбұршақ, картоп, жүгері және зығыр, рапс, күнбағыс сияқты майлы дақылдар өсірілді.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Кәсіпорын суармалы егіншілікті дамытуға да басымдық беріп отыр. Суармалы алқаптардың көлемі 2 мың гектарға жуық ұлғайтылды.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Сонымен қатар өнімді сақтау инфрақұрылымы нығайтылуда. Биыл 15 мың тонна өнім сақтауға арналған жаңа заманауи картоп қоймасы пайдалануға берілді. Қазір сыйымдылығы шамалас тағы бір нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өткен кездесуде мемлекеттік қолдау және суармалы егіншілікті дамыту мәселелері талқыланды.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп аграршыларға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірді.

    – Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін көптеген жақсы бағдарлама бар. Ешқандай мәселе жоқ, барлығы уақтылы әрі қолжетімді. Техниканы 5% мөлшерлемемен лизингке алуға болады – мен әріптестерімді де үгіттеп жүрмін, алу керек! Біз «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды пайдаланып, өз қаражатымызды үнемдедік. Үнемделген қаржыны құрылыс жұмыстарына бағыттадық. Картоп өсіру көлемін арттырып, ішкі нарықта сату үшін ерте пісетін өнім егуді жоспарлап отырмыз. Алға жылжуға мүмкіндік бар, оны пайдалану керек. Жеңді түріп қойып, жұмыс істеу қажет! – деді Қазақстанның Еңбек Ері.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Көбетей ауылында министр «Черниговка» ЖШС-нің салынып жатқан астық қоймасын көрді. Айдарбек Сапаров «Рамадан» сүт-тауар фермасына да барып, онда сүт өндірісін кеңейту жобасымен танысты.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған фермада голштин-фриз тұқымды 1 100 сауын сиыр бар. Олар тәулігіне 33 тонна сүт береді. Алдағы жоспар бойынша мал басын 1 500 сиырға, ал өндіріс көлемін тәулігіне 40 тоннаға дейін жеткізу көзделген.

    Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

    – Облыста сүт саласын дамытудың келешегі зор екенін көріп отырмыз. Бұл бағытты дамыту үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бар және кәсіпорындар оны пайдаланып келеді. Мұндай жобалардың маңызы зор. Алдағы уақытта олардың саны арта түседі деп ойлаймын. Осылайша импортты алмастыру және сүт зауыттарын өз өндірісіміздің шикізатымен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткіземіз, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қайрат Көшенов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары