ҚАЖ мекемелеріндегі режимдік ахуалдың қауіпсіздігі Степногорск қалаcы прокуратурасының ерекше бақылауында

    Режимді нығайтудың тиімді құралдарының бірі – сотталғандардың мекеме ішінде жүріп-тұруын реттеуді қамтамасыз ететін заманауи электрондық бейнебақылау және қолжетімділікті басқару жүйелерін енгізу.

    Ағымдағы жылы қала прокуратурасының ықпалымен Степногорск қаласының ҚАЖ мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесі оң шешімін тапты.

    №5 мекемеде қолжетімділікті бақылаудың заманауи бейнедомофон жүйесі енгізілді. Сотталған адамға мекеме ішінде шығу қажет болған жағдайда, ол шақыру түймесін басады. Осыдан кейін кезекші бөлімнің қызметкері бейнебайланыс арқылы оның жеке басын сәйкестендіріп, шығу мақсатын нақтылайды. Тек шығуға рұқсат берілгеннен кейін есік ашылады, ал сотталған адам өткен соң есік автоматты түрде жабылады.

    Аталған жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүріп-тұруын болдырмауға, өткізу режимін күшейтуге, сондай-ақ қызметкерлер мен объектінің жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қала прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде заңдылықты, режимді және қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

    Ақмола облысының прокуратурасы



    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары