Қарағанды облысында сегіз табиғи өрт сөндірілді

    Қарағанды облысында сегіз табиғи өрт сөндірілді

    Қарағанды облысында тәулік ішінде Қарқаралы, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласының аумағында болған сегіз табиғи өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, олардың жалпы аумағы 200 гектарды құрады.

    Қарағанды облысында сегіз табиғи өрт сөндірілді

    Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында тағы бес табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Онда құрғақ шөп пен бұталар өртенуде. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылған. Барлығы 400-ден астам адам және 100 техника тартылды.

    Қарағанды облысында сегіз табиғи өрт сөндірілді

    Өртті сөндіру жұмыстарына таулы-далалы жерлерге жетудің қиын болуы, ыстық ауа райы және екпінді қатты жел кедергі келтіріп отыр.

    Күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Өрт жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары