Көлік министрлігі мен ЕҚҚДБ теміржол саласын дамыту мәселелерін талқылады

    Көлік министрлігі мен ЕҚҚДБ теміржол саласын дамыту мәселелерін талқылады

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

    Жиын барысында теміржол саласын дамытудың өзекті мәселелері, инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және салалық тетіктерді одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Тараптар тарифтік саясат, теміржол инфрақұрылымын тиімді пайдалану, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның IPO өткізуге дайындығы, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мәселелерін қарастырды.

    Жекелеген бөлім теміржол саласын реформалауға, бәсекелестік ортаны дамытуға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тұрақты әрі ашық жағдайлар жасауға арналды.

    Сонымен қатар маңызды тақырыптардың бірі Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықты кеңейту болды. Теміржол инфрақұрылымы саласындағы басым жобаларды іске асыру барысында халықаралық тәжірибені, сараптамалық қолдауды және ЕҚҚДБ-ның қаржылық құралдарын пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

    Қатысушылар Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуын қолдауда ЕҚҚДБ-ның маңызды рөлін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға, оның ішінде перспективалы қаржыландыру тетіктерін пысықтауға және теміржол саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" жаңалықтары