
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдаудың бірнеше түрі көрсетіледі.
Азаматтың жағдайына қарай оған:
🔹 мемлекеттік жәрдемақы;
🔹 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем;
🔹 өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру төлемі тағайындалуы мүмкін.
Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері белгіленген мүгедектік тобына байланысты анықталады.
📱 Төлемдерді Халыққа қызмет көрсету орталығы, eGov.kz порталы немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады.
Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақы рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS хабарлама келуі мүмкін. Бұл жағдайда төлемді рәсімдеу үшін SMS-ке жауап беріп, өз келісімін растау жеткілікті.
▶️ Мүгедектігі бар азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі? Төлемдердің мөлшері қанша және оларды қалай рәсімдеуге болады?
Толық ақпаратты бейнематериалдан көре аласыздар.









