ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні жергілікті уақыт 10:00 да, тұрақты комиссияларының біріккен отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:

    1. Шалқар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

    Баяндамашы: Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы - Шалқар ауданының әкімі.

    1. Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы №192 «Терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Хабарламашы: С.Джуманов – Шалқар ауданы әкімінің орынбасары.

    1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Хабарламашы: А.Бурамбаева – «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

    Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шалқар аудандық мәслихаты" жаңалықтары