Киберқылмыстың алдын алуға бағытталған ресми WhatsApp арнасы іске қосылды

    Киберқылмыстың алдын алуға бағытталған ресми WhatsApp арнасы іске қосылды
    Маңғыстау облысының Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ресми WhatsApp арнасын іске қосты.
    Бұл бастама азаматтарға киберқауіптер туралы жедел әрі түсінікті ақпарат ұсынуға, алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы дер кезінде ескертуге және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруге бағытталған.
    Ресми WhatsApp арнасында тұрақты түрде келесі ақпараттар жарияланады:
    • Киберқауіпсіздікке қатысты өзекті ескертулер мен жаңалықтар;
    • Интернет-алаяқтықтың жаңа схемалары мен айла-тәсілдері;
    • Жеке деректерді қорғауға арналған практикалық кеңестер;
    • Күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары;
    • Азаматтарды киберқылмыстан қорғауға бағытталған пайдалы ұсынымдар.
    Қазіргі таңда интернет-технологиялардың дамуымен қатар алаяқтықтың да жаңа түрлері көбейіп келеді. Қылмыскерлер азаматтарды алдау үшін жалған қоңыраулар, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттарды белсенді қолдануда. Осыған байланысты, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру — киберқылмыспен күрестің ең тиімді жолы.
    Киберқылмыстың алдын алу — ортақ міндет. Маңғыстау облысының Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы барлық тұрғындарды ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға және маңызды ескертулерден хабардар болу үшін ресми арнаға жазылуға шақырады.
    Ресми WhatsApp арнасына сілтеме: https://whatsapp.com/channel/0029VbAy2zTLtOj9p6tD6i2T
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары