Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ІІМ басшыларының кездесуі басталды

    Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ІІМ басшыларының кездесуі басталды

    Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденовтің төрағалығымен Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлері кездесуі басталды.

    Кездесу барысында қылмыскерлерді іздестіру, киберқылмысқа, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері талқылануда.

    Негізгі назар — практикалық өзара іс-қимылға және нақты бірлескен шешімдер қабылдауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары