Павлодар облысында полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобаларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді.
Маңызды бағыттардың бірі – азаматтарға төтенше жағдайларда жедел көмекке жүгінуге мүмкіндік беретін "SOS" батырмаларын енгізу. Мұндай құрылғылар полицияны жылдам шақыруға мүмкіндік беріп, оқиғаларға ден қою уақытын қысқартуға ықпал етеді.
– "Цифрлық полицей" және "Цифрлық учаскелік инспектор" жобаларына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жобалар полиция қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, халықпен өзара іс-қимылды жетілдіруге және қызмет көрсетілетін аумақтардағы құқықтық тәртіптің жай-күйін тиімді бақылауға бағытталған, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Вячеслав Ипатов.
Цифрлық трансформацияның маңызды кезеңдерінің бірі – заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған жедел басқару орталығын енгізу. Елдімекендердің көшелері мен қоғамдық орындарында орнатылған камералар полиция қызметкерлеріне жедел жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға, күдікті жағдайларды бақылауға және оқиға орнына полиция жасақтарын дер кезінде жіберуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект және интеллектуалды бейнеаналитика технологиялары қолданылатын бейнебақылау камераларының маңызы ерекше. Мұндай жүйелер адамның бет-әлпетін тануға, сыртқы белгілері бойынша қаруға ұқсас заттарды анықтауға, күдікті қалдырылған заттарды байқауға, адамдардың жаппай жиналуын, төбелес пен зорлық-зомбылық фактілерін, сондай-ақ түтіннің пайда болуын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көліктік бейнеаналитика көлік маркасы, моделі және түсі сияқты сипаттамаларын анықтап, талдауға мүмкіндік береді.
Бұл технологияларды қолдану полиция қызметкерлеріне ықтимал қауіпті жағдайларды жедел анықтауға, іздеуде жүрген адамдарды бақылауға, ұрланған және іздеудегі көлік құралдарының орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Интеллектуалды бейнеаналитика полицияның күнделікті қызметіндегі қосымша тиімді құралға айналып, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға және оқиғаларға ден қою сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін пайдалану күнделікті қызметтің тиімділігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу – Павлодар облысы полициясының қызметін жетілдірудің маңызды бөлігі. Бұл жобалардың басты мақсаты – қауіпсіз ортаны қалыптастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін сенімді қорғауды қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









